20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова жұмыс істемейтін ата-аналардың кішкентай балаға қараған уақытын зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне қосу қажеттігін ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл ұсыныс парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды. Әзімованың айтуынша, қазіргі әлеуметтік саясатты жетілдіру үшін әлеуметтік кодекске бірқатар өзгерістер енгізу маңызды. Ол бұл ұсынысты депутаттарға бағыттай отырып:
Әлеуметтік кодекске жұмыс істемейтін ата-ананың жас балаға тікелей күтім жасаған уақытын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілінде есепке алу, сондай-ақ қазіргі жағдайларды ескере отырып, белгілі бір санаттағы адамдарды әлеуметтік қорғау тәсілдерін қайта қарауға қатысты өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынамыз, – деді.
Бұл бастама заң жүзінде бекітілсе, бала тәрбиесімен айналысқан аналар мен әкелер үшін үлкен әлеуметтік қолдау болмақ. Себебі қазіргі жүйеде ата-ананың бала күтімімен үйде отырған уақыты еңбек өтіліне есептелмейді, ал жаңа ұсыныс бұл тәжірибені қайта қарап, әлеуметтік әділеттілікті арттыруды көздейді.
Осылайша, балаға күтім жасаған жылдар да болашақта зейнетақы есебінде ескеріліп, жұмыс істемеген кезеңдер ата-аналар үшін маңызды әлеуметтік кепілдікке айналуы мүмкін.
Бұған дейін кейбір көпбалалы отбасылар жәрдемақыдан айырылатыны туралы жазған едік.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?