Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның бес облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және отбасыларға нақты қажеттіліктеріне қарай қолдау көрсетуге бағытталған «Ауылды дамыту командасы» пилоттық жобасы іске қосылады. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Түркістан облысы Сауран ауданында осы тәсілдің жүзеге асырылу барысымен танысты.
Жаңа тәсіл әр отбасының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке жұмыс жүргізуді көздейді. Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарына жұмыс табуға, қажетті дағдыларды меңгеруге, өз ісін ашуға және табысын арттыруға көмектесу.
«Қолданыстағы қолдау шаралары туралы ақпарат берумен ғана шектелмей, әр отбасының қажеттілігін түсініп, табысын арттыруға, жұмысқа орналасуға және өз ісін ашуға нақты мүмкіндіктер табуға көмектесу маңызды. Бұл мемлекеттік қолдаудың нақты әрі нәтижелі болуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бауыржан Омарбеков.
Пилоттық жоба Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады. Командалар құрамына жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бағыттарының мамандары кіреді. Олар ауыл отбасыларына қолжетімді қолдау шараларын пайдалануға көмектесіп, оқудан бастап грант алуға және өз ісін бастауға дейін сүйемелдейді.
Аудан деңгейінде жұмысты «Ауыл менеджері» үйлестіреді. Ол тұрғындарға жұмысқа орналасу, білім алу, гранттар мен жеңілдетілген кредиттер алу мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі. Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде «Ауыл менеджері» жұмысқа кірісті. Мұнда команда жасақталып, ауыл тұрғындарын қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.
Қолдау құралдарының бірі – жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит беруді көздейтін «Ауыл аманаты» жобасы.
Жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер күніне орай өңір мен ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бауыржан Омарбеков «Жыл кәсіпорны», «Жыл инвесторы», «Үздік өндіруші», «Жыл агрокәсіпорны», «Жылдың жас кәсіпкері» және «Жыл жұмыс берушісі» номинациялары бойынша марапаттарды табыстады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек