19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Синоптиктер ел аумағында 18 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел болжанады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-37°С дейін қатты ыстық болады.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазды синоптиктер.
Солтүстік Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары