20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту және республикалық маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту мақсатында қозғалысы қарқынды бірқатар трассаны ақылы ету бойынша жоба іске асырылып жатқаны атап өтілді.
I кезең аясында ұзындығы 5,5 мың км жолдарда бейнебақылау камераларымен, лидарлармен, байланыс антенналарымен және басқа да құралдармен жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркасы орнатылды. Атап айтқанда, ұзындығы 1,5 мың км I санаттағы учаскелер 2021 жылғы қарашадан бастап ақылы болды. Бұл жол төсеміне күтім жасауға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және ілеспе инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша I кезең учаскелерінде жүк көліктерінің жүріп өткені үшін ақы алу жүйесін іске қосу бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл бірінші кезекте Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік көлікке қатысты болады.
Премьер-Министр жол желісін жаңғырту кезінде бейнебақылауды күшейтуге, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға баса назар аудару қажет екенін атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?