Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгін Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалына оқуға түсуге арналған ағылшын тілінен тестілеу өтті. Емтихан британдық университеттің ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында орналасқан филиалында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЖОО мәліметінше, емтиханға 5 өңірден, оның ішінде, Атырау, Орал, Қызылорда, Павлодар және Ақтөбеден 200-ге жуық талапкер қатысты.
Айта кетейік, Жұбанов университеті Ақтөбе облысымен қоса есептегенде Қазақстанның 5 өңірінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын ауқымды түрде жүргізді.
Емтихан тапсырудың толқулы сәт екенін екенін айтқан Heriot-Watt университетінің академиялық бағдарламалар бойынша менеджері Дэниел Свонсон тестілеуге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Heriot-Watt филиалында білім алып жатқан студенттерге дән ризамын. Сіздерге де әлемдік жетекші жоғары оқу орнының студенті атануларыңызға тілектеспін! - деді ол.
Сонымен қатар тестке қатысқан талапкерлердің ата-аналарына арнайы инфосессия өтті. Олар Heriot-Watt және Жұбанов университеттері өкілдеріне оқу процесіне қатысты сұрақтарын қойды.
Бұл биылғы жылы ағылшын тілінен өткен алғашқы тестілеу емтиханы екенін еске саламыз. Ақысыз түрде өтетін тестілеу әр айдың соңғы сенбісінде жүйелі түрде жүргізіледі. Талапкерлер тест нәтижесін 2-3 апта ішінде ала алады.
Айта кетейік, талапкер емтиханнан өтпеген жағдайда қайта тапсыруға бірнеше мүмкінідігі бар.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?