10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны айтарлықтай көбейді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегіне сәйкес, 1 қазаннан бері өңірде 93 мыңнан астам адам ЖРВИ-мен тіркелген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Науқастардың басым бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар (шамамен 62,7%), олардың саны 58,5 мыңнан асады.
Департамент басшысы Қанат Тұрдиевтің айтуынша, бір жасқа толмаған 1060 нәресте вирус жұқтырған. Сондай-ақ, 276 жүкті әйелден ауру анықталған. Облыста зертханалық расталған тұмаудың 73 жағдайы тіркеліп, оның 37-сі балалар арасында.
Мамандар өңір тұрғындарына ауру белгілері бар адамдармен байланыспауға, үйді жиі желдетіп, дұрыс тамақтануға және денсаулықты күтуге кеңес береді.
Биылғы эпидемауысымға дайындық аясында жергілікті бюджет есебінен «Гриппол плюс» тұмауға қарсы вакцинасының 75 мың дозасы сатып алынған. Бұған қоса, жұмыс берушілер мен ақылы егу пункттері үшін тағы 2 мың доза алынған. Қазіргі уақытта облыс бойынша 77 мың адам вакцина салдырған, бұл жалпы халықтың 10 пайызынан сәл асады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді