Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желіде жер сілкінісіне қатысты түрлі хабарламалар таралып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол хабарламаларда басқа өңірлердегі Төтенше жағдай департаментінің өкілдері Алматыға шақырылып жатқаны айтылады. Яғни, осы түні жойқын жер сілкінісі болатынына байланысты қосымша көмек қажет етіледі дейді.
Алматы облыстық Төтенше жағдай департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі таралып жатқан жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұрайды. Тек ТЖМ және ТЖД парақшаларында жарияланған ақпараттарға ғана сенулеріңізді сұраймыз. Дүрбелеңге салынбай, сабырлық сақтаңыз! - деді ведомство өкілі.
Айта кетейік, бүгін Алматыда бес балдық жер сілкінісі болды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?