Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖөтелден тезірек арылу үшін алдымен оның түрін нақтылап, содан кейін дұрыс емдеу жоспарын ұстану қажет. Бұл туралы Life.ru-ға берген сұхбатында терапевт Юлия Якиманская айтып берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның айтуынша, жөтел екіге бөлінеді:
• ылғалды жөтел — қақырық бөлінеді;
• құрғақ жөтел — тамақ жыбырлап, сілемейлі қабық тітіркенеді.
Оларды емдеу тәсілдері де әртүрлі. Ылғалды жөтелде басты мақсат — қақырықты жеңіл шығару, ал құрғақ жөтелде — сілемейлі қабықты жұмсартып, жөтел рефлексін азайту.
Емдеуді жылдамдатуға мол сұйықтық ішу, ауаны ылғалдандыру, үйді жиі желдету және тынығу көмектеседі. Дәрігердің айтуынша, ылғалды жөтелді қақырық түсіретін дәрілердің орнына жөтелді басатын препараттармен емдеуге болмайды — бұл пневмонияға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ антибиотиктерді өз бетімен қабылдауға, жоғары қызба кезінде кеудені жылытуға немесе аяқты ыстық суға салуға тыйым салынады.
Егер жөтел жеті күннен артық созылса, ентігу немесе кеуде ауыруы пайда болса, қақырық жасыл түсті не қан аралас болса, сондай-ақ 38°C-тан жоғары температура үш күннен көп сақталса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?