10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыИталияның Турин қаласына жақын маңдағы ескі ферма аумағынан полиция қоғамнан оқшауланған, мектепке бармаған, тіпті дұрыс сөйлей де алмайтын екі баланы тауып алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқару қызметі оларды аймақтағы су тасқыны қаупіне байланысты эвакуациялау барысында анықтаған. Табылған 9 және 7 жастағы ұл мен қыз жөргекте болған. Олар тек өздері ойдан шығарған тілде сөйлескен.
Балалардың құжаты болмаған, мектепке бармаған және медицина мекемелерінде есепке алынбаған. Олардың әкесі – 54 жастағы Нидерланд тумасы, мүсінші. Оның айтуынша, COVID-19 індетінен кейін балаларын сыртқа шығармай қойған, бірақ үй жағдайында өзі оқытқан. Әкесі: «Балалар ноутбукпен жұмыс істеді, музыкалық аспаптармен айналысты, спортпен шұғылданды», – деп сендірген. Алайда жүргізілген ресми тексерулер олардың оқи да, жаза да алмайтынын көрсетті.
Тағы бір ерекше жайт — көршілер бұл үйде балалар бар екенін мүлде білмеген. Олар ешқашан сыртқа шықпаған, дауыс шығармаған.
Қазіргі таңда екі бала әлеуметтік қорғау мекемесіне тапсырылып, оларға қамқор отбасын табу жұмыстары жүргізілуде. Билік өкілдері балалардың физикалық және психологиялық дамуына елеулі зиян келгенін айтып отыр. Ал ата-анасына қатысты қандай шара қолданылатыны тергеу нәтижесінде белгілі болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді