10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОлжас Бектенов жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды әлемдік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы жоғары білім беруде ұлттық жоғары оқу орындары мен жетекші шетелдік университеттердің филиалдары бағыт беріп отыруы тиіс екенін атап өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігіне жұмыс нәтижелері бойынша филиалдарға қойылатын талаптарды әзірлеу тапсырылды.
Сараптамалық кеңес құрып, барлық университеттерге қойылатын талаптарды олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан қайта қарау қажет. Жоғары оқу орындары кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеуге тиіс. Студенттік, магистрлік жұмыстардың ел экономикасы үшін нақты нәтижесі болуы керек. Ғылым және Оқу-ағарту министрліктеріне Ғылым мен технологияларды кеңінен танымал ету жөніндегі кешенді жоспар қабылдауды тапсырамын, — деді Олжас Бектенов.
Колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері үшін жатақханалардағы орын тапшылығы – өзекті мәселе. Үкімет басшысы сырттан келген бірде-бір студент баспанасыз қалмауы керек екенін баса айтты.
Өңір әкімдері, оқу-ағарту және ғылым және жоғары білім министрлеріне барлық айтылған мәселелерді жеке бақылауға алу тапсырылды. Барлық білім беру нысандары оқу жылының басталуына 100% дайын болуы тиіс.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді