Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның бес облысында республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдар жабылды. Мәселен, Абай, Жетісу, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарында 23 бақылау бекеті құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, желдің күшеюі, қар жаууы және жолдың көрінбейтіндігі кейбір жүргізушілерге жолда кедергі келтірді, нәтижесінде үш жүзге жуық көлік қар құрсауында қалды.
Сондай-ақ полицейлер Ақмола, Қарағанды облыстары мен Абай ауданында 1225-ке жуық автокөлікті алып шықты.
Ведомство патрульдік полиция тәулік бойы кезекшілік атқаратынын атап өтті. Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының алдын алды, - делінген мәліметте.
Тәртіп сақшылары азаматтарды елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және құзырлы органдардың жолдардың жабылуы туралы хабарламаларын мұқият орындауға шақырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді