20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек12-18 мамыр аралығында әлем бойынша БҰҰ жариялаған Жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған жаһандық апта өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мақсаты – жол апаттарынан болатын қайғылы жағдайларды азайтып, жаяу жүргіншілер мен велосипед мінушілердің қауіпсіздігін арттыру.
2024 жылы елімізде 30 мыңнан астам жол апаты тіркелді – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Өкінішке қарай 2,5 мыңнан аса адам қаза тапты. Қоғам назарын жол апаттарындағы жарақаттар мәселесіне аударып, осы тақырыпты ашық көтеру арқылы біз адамдарды жолдағы жауапкершілік пен денсаулықты сақтау мәдениетіне үйрете аламыз, – дейді Vision Zero Community қоғамдық қорының жетекшісі Ерқанат Зайытов.
Қазақстандағы inDrive компаниясының елдік менеджері Арай Бекембаев акцияға қызметкерлері арқылы қатысатынын айтты:
Біздің компанияның Алматы мен Астана кеңселерінде мыңнан аса адам жұмыс істейді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында біз оларды жеке көліктің орнына велосипед, самокат сияқты экологиялық таза көліктерге ауысуға, ал мүмкін болса, жұмысқа жаяу келуге шақырамыз, – деді Арай Бекембаев.
Экология саласының мамандары жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының қалалардың экологиялық жағдайына да оң әсер ететінін атап өтті.
Автокөлік шығарындылары – Алматыдағы ауаның қатты ластануының негізгі себептерінің бірі. Ең қауіптісі – бұл газдардың дәл адамның тыныс алатын биіктігінде шоғырлануы. Сондықтан алматылықтар жеке автокөліктен бас тартып, жаяу жүруді, велосипед немесе самокатты таңдаса, бұл тек жол қауіпсіздігіне емес, сонымен қатар таза ауаға қосқан үлес болар еді, – деді Алматының ауаны ластауға қарсы күреске бағытталған Almaty Air Initiative қоғамдық бастамасының атқарушы директоры Жұлдыз Саулебекова.
Айта кетейік, қауіпсіз әрі орнықты көлік мәдениеті – денсаулық, экология, инклюзия және жайлы қала өмірі сияқты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің бір жолы.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?