Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте жолда трюк жасаған жас жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан ірі сауда орталығы алдындағы автожолда скутер тізгіндеген жас жігітті байқауға болды. Мотокөлікті бір доңғалағын көтеріп, жылдамдықпен кері бұрылып басқарған жігіт видеоны өзінің парақшасында жариялаған.
Полицейлер көп ұзамай жүргізушіні анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы 3-бөлігімен хаттама түзілді. Жас жігіттің жол қозғалысы ережелерін бірінші рет бұзбағаны және бір жылдан аз уақыт бұрын осыған ұқсас жайт үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар