Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау-Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 25 мамыр күні №29/30 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келген.
Бригада қызметкерлері «Атырау – Алматы» бағыты бойынша жолаушыға босану кезінде көмек көрсеткен.
Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысады. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасап, сағат 21:52-де сәби дүниеге келді, - делінген хабарламада.
Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған.
Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді