13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖолдардың сапасы бойынша әкімдіктер рейтингінің әдістемесі биылғы жылдың соңына дейін бекітілмек, деп хабарлайды El.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік саласына қатысты жаңа заң жобасы даярланды. Ол «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК арқылы елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама жүргізуді қарастырады. Ұлттық сапа орталығы сараптама барысында жөндеу жұмыстарының тиісті нормаларға сәйкестігіне байланысты қорытынды шығарады.
Осы орайда атап өткен жөн, бүгінде жолды пайдалануға бергеннен кейін техникалық қадағалау мен жобаны жүзеге асырған мекемелер жөндеу жұмыстары барысындағы қате шешімдер мен ақаулар үшін жауапкершілікке тартылмайды. Осы олқылықтың алдын алу мақсатындағы заң жобасы қазіргі күнде Парламент Мәжілісінің қарауында.
Сондай-ақ министрлік автомобиль жолдары саласындағы 1200-ге жуық нормативтік-құқықтық актілердің маңызын арттыруды қолға алуда. Олар мекеменің атқаратын жұмысын реттеп, бақылау сапасын күшейтеді. Аталған құжаттарға жол жөндеу жұмыстарына халықаралық тәжірибе мен технологияларды және заманауи материалдарды қолдану сынды бірқатар өзгерістер енгізу қарастырылуда.
Қосымша ынталандыру шарасы ретінде ҚР ИИДМ жолдардың сапасына байланысты әкімдердің рейтингін анықтау әдістемесін даярлауда. Ол 2022 жылдың аяғына дейін бекітілмек.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды