Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда кейбір тасжолдардағы бақылау камералары қысқы кезеңге, арнайы режимге ауыстырылады. Енді боран, көктайғақ және басқа да қолайсыз ауа райы кезінде жүйе автоматты түрде жол қозғалысының жылдамдық шектеуін тіркейтін болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қыс мезгілінде ауа райы күрделене түседі, сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кейбір жол бөліктерінде жылдамдықты төмендету қажет болуы мүмкін. Қиын жағдайда жолдар толық жабылуы да ықтимал.
Қыс мезгілінде автожолдарға 3.24 “Максималды жылдамдық шектеуі” белгісі тұрақты түрде орнатылады. Астана - Щучинск және Астана - Теміртау бағыттарында электрондық ақпараттық тақталар бар. Олар тек қолайсыз ауа райы жағдайында: боран, көктайғақ кезінде жылдамдықты автоматты түрде азайтуға мүмкіндік береді. Барлық белгілер стандартқа сай қойылған және сол сияқты сақталуы керек, - деп түсіндірді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Сонымен қатар, жылдамдықты бақылайтын камералар орташа қозғалыс жылдамдығын да тіркеуге ауыстырылады, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?