28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экс-министрдің айтуынша, Нүкенова оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Ол рульде келе жатқанда өзіне тап бермес үшін әйеліне «Атаракс» препаратын сатып алғанын алға тартады.
Психиатрға Астанадан Павлодарға аттанатынымды айттым. Осы аралықта оған қандай да бір препарат жазып беруін сұрадым. Өйткені жол апатына ұшыраймыз ба деп қорықтым. Бұл қорқыныш негізсіз емес, анам сөздерімді растай алады. Оған дәрі-дәрмек ішуді ұсынғанда, ол бас тартатын, сол үшін екеуміз бірге қабылдау туралы ұсыныс жасайтынмын. Ара-арасында қабылдайтынмын. 8-9 қарашада қабылдаған жоқпыз. Сол екі қорап біткен соң мүлде қабылдаған жоқпыз, – деді Бишімбаев.
Дегенмен Бишімбаевтың сөздерін тек оның туыстары растай алады екен.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?