Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚорғаныс министрлігі әскери борышын өтегендерге жоғары білім алу бойынша жеңілдік бөлудің алғашқы жылының қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы мәлім еткендей, биылғы жылы конкурстық іріктеуге 2023 жылы әскерден босаған 2022 жылғы көктемгі және күзгі шақырулардың 29491 сарбазы қатысты.
«ҚР жоғары оқу орындарында оқуға 100% жеңілдікпен 3000 орын бөлінді. Оның ішінде 350-і – әскери оқу орындарынан бөлінді, қалғаны – азаматтық оқу орындары», - деп хабарлады ведомство өкілі.
Сонымен бірге ол барлық мерзімді қызмет сарбаздарының және олардың қызмет ету кезеңіндегі бағалары «Срочники 2,0» платформасында көрсетілетінін хабарлады.
«Ай сайын барлық пәндер бойынша әскери қызметшінің ағымдағы бағаларының рейтингі шығарылып отырады. Есепке алу әскерлердегі жауынгерлік дайындық журналдарында және осы электрондық платформада жүргізіледі. Электрондық жүйеде әр сарбазға жеке рейтинг жасалады», - деп нақтылады Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы.
Ол күзгі әскерге шақыруды конкурстық іріктеуге 2022 жылғы күзгі әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 мыңнан аса сарбазы қатысқанын хабарлады.
«Оның ішінде Қорғаныс министрлігінен – 7 мыңнан астам сарбаз, Ұлттық ұланнан – 6 мыңнан астам сарбаз, Төтенше жағдайлар министрлігі және ҰҚК Шекара қызметінен 3 мыңнан аса сарбаз қатысты», - деп мәлім етті ол.
Ведомство өкілінің айтуынша, аталған жеңілдіктер жастардың әскер қатарына баруға деген ынтасын арттырған.
«Соның мысалы ретінде әскер қатарына шықырылғандар санының биыл 20%-ға артуы осыны айқын аңғартады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан сайын арта түседі деген үміттеміз», - деп қорытындылады ведомство өкілі.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер