20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарлық еріктілер жоғалған 9-сынып оқушысына қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іздеу жұмыстарына полицейлер, құтқарушылар және өңір тұрғындары қатысып жатыр.
Полицияға 2009 жылы туған 9-сынып оқушысы Тамерлан Алданышұлы Өмірбаевты іздеуге көмек сұрап, туыстары жүгінген. Кәмелетке толмаған бала 22 қарашада түнгі сағат үш шамасында Әуезов көшесі, 157 мекенжайындағы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жасөспірімнің бойы – 170-180 сантиметр, орта денелі, шашы қою қоңыр, көзі қоңыр, сол жақ бетінде қал бар. Үстінде ашық қоңыр-қара күрте, қара джинсы, бас киім және кроссовка болған. Жанында ұялы телефоны болған.
Жоғалған түні оқушы теміржол бойымен кетіп бара жатқанын видеоға түсіріп, анасына жіберген. Осыдан кейін анасы полицияға жүгінген, - деді VITA жетекшісі Екатерина Кудрявцева.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді іздеуге республикалық "Қыс-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатқан өңірдің ТЖД елеулі күштері мен техникалары жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та қолданылып жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?