29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОл үшін 3 ас қасық ұнға 3 ас қасық қаймақ, аздап майонез және 1 жұмыртқа, бір шымшым тұз сондай-ақ бір тамшы ас содасымен көпірткен уксус қосып, араластырамыз. Ұнның консистенциясы құймаққа арналған ұндай болуы тиіс. Дайын болған қамырды алдымен 235 градус пешке 10 минуттай пісіріп аламыз. Үстіне қажетті өнімдер төселгеннен кейін 200 градусқа ысытылған пешке тағы 10 минут пісіреміз. (Пиццаның үстін қызыанақ, жүгері, ірімшік секілді өнімдермен қалауыңызға қарай әрлесеңіз болады).
Ол үшін 9 ас қасық ұн, 4 ас қасық қаймақ, аздап айран немесе майонез, бір шымшым ас содасы керек. Ал, пиццаның үстіне салатын тағамды патша көңіліңіз білсін.
Аталған өнімдерді араластырып, оны май жағылған табаға құямыз. Үстіне сіз қалаған көкеністерді турап, орналастырамыз. Оның үстіне ірімшік (сыр) үгіп, себеміз. Пиццаны 15 минут пісіру жеткілікті, тағам әзір.
(Кеңес: Мүлде майонез қолданбауға да болады, айран пайдалансаңыз пицца тіл үйірерліктей дәмлді болады).
300 мл сүт, 2 ас қасық май және майонез, 1 шағын қапшықтағы ашытқы, тұз керек. Алдымен ашытқыны шұңғыл ыдысқа салып, үстіне жылы сүт құйып, тұз салып араластырамыз. 15 минуттай жылы жерде тұрғаны дұрыс. Артынша еріген ашытқыға ұн салып, майы мен майонезін қосып, қамыр етіп илейміз. Қамырдың 15 минуттай демалғаны абзал. Уақыт жеткенде қамырды жайып, май жағылған табаға орналастырамыз. Бұл пиццаның да үстін қалауыңызша әрлеп, үстіне үгітілген ірімшік (сыр) сеуіп, 20-30 минут ыстық пешке пісіреміз.
Дәл осы пиццаны тоңазытқышта қалған піскен ет бөлшектері, тауық еті немесе тауық етінің фаршымен әсемдесеңіз өте дәмді болады. Пица пісірудің дәл осы әдісі – зәйтүн майы қосылған италияндық пиццаға қатты ұқсайды.
Іске сәт, астарыңыз дәмді болсын!
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек