Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елімізде жиһаз өнімдерін өндіру көлемі 4,2 пайызға өсіп, 46,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz
Саладағы өсім көрсеткіші инвестиция көлемінің артуымен байланысты. Атап айтқанда, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жиһаз өнеркәсібіне 3 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63 пайызға артық.
Инвестиция жаңа жобалар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды одан әрмен дамытуға бағытталған. Мәселен, биыл Шымкент қаласында жиһаз өндіретін «Mega Smart B2B» ЖШС іске қосылса, Солтүстік Қазақстан облысында «Сапа Инвест Плюс» ЖШС жиһаз өнеркәсібі үшін шикізат компоненттерін шығару кәсіпорны пайдалануға берілді.
Өңірлер арасында жиһаз өнімдерін шығару бойынша жетекші орынды Алматы қаласы алады. Мегаполисте жиһаз өндірісінің көлемі 13,3 млрд теңгені құрайды. Шаһар аумағында осы саладағы барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 30 пайызы шоғырланған. Сондай-ақ жиһаз өндірісі бойынша көшбасшылар қатарында Алматы (3,5 млрд теңге), Қарағанды (3,4 млрд теңге) және Павлодар (3,4 млрд теңге) облыстары кіреді.
Елімізде жиһаз өнімдерін тұтыну нарығы өткен жылы 221 миллиард теңгені құрады. Сарапшылар халық санының өсуі, көші-қон, кірістің ұлғаюы, инфрақұрылымның кеңеюі, сондай-ақ жаңа тұрғын үй жобалары мен коммерциялық үй-жайлар құрылысының өсуі есебінен жиһаз өнімдерін әлемдік тұтынудың тұрақты өсуін болжайды.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінде барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін офистік жиһаз сатып алуға мораторий мерзімі аяқталады. Бұл отандық жиһаз өнімдерін өндірудің қосымша өсуіне ықпал етпек.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді