20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек17 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Джиу-джитсу мен грэпплингтен сегіз дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академия спортшысы, күрең белбеу иегері Ж.Құлымбетова 21 жасқа дейінгілер арасында 48 кг салмақта үздік шықты.
Жібек екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.
Қуанышты жаңалығын Instagram әлеуметтік желісінде бөліскен спортшы Алматы облысы жекпе-жек мектебі, Самат Рамазанов атындағы академиясы мен бапкері Самат Айтпанбетке алғысын білдірді.
Жарыс джиу-джитсудың ne-waza түрі бойынша өтіп, онда әлемнің 20-дан астам спортшылары бақ сынады.
Жібектен басқа, оған аталмыш академияның бірнеше тәрбиеленушісі қатысып, жалпы саны 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?