29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТеннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Баотоу (Қытай) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.
Отандасымыз Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Рейнгольд осы турнирдің 2 ракеткалары болып тіркелген. Олар ширек финалда ресейлік Анастасия және Рада Золотаревалармен кездесті. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Құламбаева – Рейнгольд қарсылас жұпты 6:0, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Ж.Құламбаева – Е.Рейнгольд финалға шығу үшін қытайлық Жангсу Хан – америкалық Эми Жумен таласады. Жартылай финал 25 сәуір күні өтеді
Әлемдік рейтингіде 395-сатыдағы Ж.Құламбаева жекелей сында алғашқы айналымда әлемнің 326-ракеткасы, жапониялық Сара Саитоны 6:0, 4:6, 6:3 есебімен жеңген еді. Алайда бүгін екінші кездесуінде әлемнің 368-ракеткасы, қытайлық Ю Фей Ренге жол берді – 1:6, 3:6.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек