29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уимблдонды ширек финалда аяқтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 3-орнын сақтап қалды. Рейтинг көшін Польша өкілі Ига Швентек бастаса, беларусьтік Арина Соболенко екінші сатыда. Уимблдон жеңімпазы атанған чехиялық Маркета Вондроушова 42-ден бірден 10-орынға көтерілді.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 56-дан 60-қа сырғыса, Жібек Құламбаева 435-тен 422-ге жоғарылады. Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова, Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула көштің алдын берер емес. Қазақстандықтардан Анна Данилина 24-тен 25-ке, Е.Рыбакина 97-ден 107-ге төмендеді. Есесіне Жібек Құламбаева 198-ден 186-ға шықты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек