Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАҚШ ғалымдары сүт безі қатерлі ісігін анықтауда жасанды интеллектінің (ЖИ) тиімділігін дәлелдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу нәтижелері бойынша, ЖИ-мен жабдықталған жүйелер маммография кезінде дәрігерлер байқамай қалған ісіктердің үштен бірін дәл анықтай алады. Бұл жаңалықты Солтүстік Америка Радиология қоғамының (RSNA) баспасөз қызметі жариялады.
Бізді таңқалдырғаны – ЖИ жүйесі радиолог-дәрігерлер жіберіп алған ісіктердің шамамен 32%-ын анықтап, олардың нақты шекараларын көрсете алды. Бұл жасанды интеллектіні екінші пікір көзі ретінде пайдалану қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, – деді Гарвард университетінің доценті Маниша Баль.
Көптеген елде әйелдер бірнеше жылда бір рет сүт безі қатерлі ісігін анықтау үшін рентген немесе томография тексерулерінен өтеді. Бұл ісік ауруын ерте сатысында анықтап, тиімді емдеуге жол ашады. Алайда кейде ісіктер екі маммография сессиясы арасындағы – интервалды кезеңде пайда болып, тез дамып кетеді.
Мұндай агрессивті ісіктер, әдетте, тығыз тіндер арасында немесе қалыптан тыс құрылымда болады, сондықтан оларды қарапайым рентген-суреттерден байқау қиын. Зерттеушілер бұл мәселені үшөлшемді томографиялық кескіндерді талдай алатын ЖИ арқылы шешуге болатынын айтады.
Ғалымдар жалпы саны 1400 рентген суретті, оның ішінде дәрігерлер байқамай кеткен 224 ісікті зерттеуге алды. ЖИ жүйесі осы ісіктердің 73-ін (32%) нақты анықтап, шекарасын дәл белгіледі. Бұл – уақытылы диагностика арқылы көптеген әйелдердің өмірін құтқаруға болатын көрсеткіш.
Медицина мамандарының пікірінше, жасанды интеллектіні интервальды маммография мен томографияда қолдану – болашақта емдеуді сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл технология қатерлі ісіктің агрессивті түрлерін ерте анықтауға көмектеседі, қайталап скринингтен өту жиілігін азайтады, әйелдердің өмірін сақтап қалуға үлкен ықпал етеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?