Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБАҚ қызметкерлерінің күні мен халықаралық спорт журналистері күніне орай SportQory жаңа форматтағы іс-шара өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Жасанды интеллект – спорт журналисінің жаңа көмекшісі» атты 2 сағаттық практикалық тренинг – заманауи технологияларды меңгеріп, кәсіби қабілетті жаңа деңгейге көтеруге таптырмас мүмкіндік болды.
Тренинг барысында қатысушылар ChatGPT және басқа ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдары; спорт жаңалықтары, әлеуметтік желіге арналған посттар, тақырыптар мен аналитикалық материалдар дайындау тәсілдері; уақыт үнемдеуге көмектесетін лайфхактар мен нақты мысалдар бойынша тақырыптарды меңгерді. Тренингті медиа саласындағы танымал сарапшы, цифрлық журналистика мен жасанды интеллект бойынша тәжірибелі маман Аршат Оразов өткізді.
Жасанды интеллект – болашақтың құралы. Журналистикада оны дұрыс қолдана білген маман – әрқашан бір қадам алда болмақ. Тренингке қатысқан журналистерге арнайы сертификаттар табыс етілді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар