20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Жезқазған-Қызылорда трассасын жаңғырту үшін басталған дайындықты қадағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сегіз бөліктің жұмыстарын атқаратын төрт компания өкілдерімен кездесу барысында өңір басшысына аумақта жолды тегістеу, айналма жол салу, карьерлерді орналастыру жүргізіліп жатқаны айтылды.
Қолға алынған дайындықты толық бақылаған облыс әкімі аталған жұмыстарға жергілікті азаматтарды тартуды тапсырды.
Қазақстан Республикасының заңнамалары қатаң сақталу қажет. Сонымен қатар, жұмыстарды атқаратын компанияның төртеуі де біздің облыста тіркелсін. Себебі салықтың біздің өңірге төленуі маңызды. Осы аталған ұйымдастыру жұмыстарын уақыт созбай, жылдам аяқтаңыздар, реконструкция басталған сәтте еш кедергі болмасын,-деді оДастан Рыспеков.
Бұдан өзге аймақ басшысы жол бойындағы жұмысшыларды қажетті материалдармен, тамақпен және арнайы киімдермен қамтамасыз ету үшін де ұлытаулық жеткізушілерді жұмылдырудың маңызын жеткізді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта екі компания Ұлытау облысында тіркеліп үлгерген, қалған екеуі тіркелу сатысында және бас аяғы 1000-ға жуық қызметкермен реконструкция жұмыстары басталады. Келер жылға дейін материалдар дайындалады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?