15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті», - делінген хабарламада.
Қайрат Әбсаттаров 1966 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша; 1998 жылы – О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша; 2018 жылы – «МИСиС» Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
1990 – 1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек етті.
Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген, Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысының лауазымын атқарды, сонымен бірге көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР бірнеше министрліктерінде комитет төрағасы болды, одан кейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің канцеляриясын, Өңірлік даму департаментін басқарды.
2019 жылдан бастап соңғы тағайындауға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд