Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысындағы Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің денесі Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан, криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз анықталған.
Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, бұл өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереміз деп отыр.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды. Облыстық полиция марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, - делінген ақпаратта.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді