Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісу облысында қылмыстан зардап шеккен 30 адам бірреттік ақшалай өтемақы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, биыл түрлі қылмыстардан зардап шеккендерге шамамен 4,5 миллион теңге өтемақы төленді.
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңның қабылдануымен Қазақстанда қылмыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсететін мекеме құрылған. Өтемақы жәбірленушіні әлеуметтік қолдауға арналған және бір реттік ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылады.
Төлемдер қылмыстардан материалдық зардап шегіп, келтірілген зиянның орнын толтыруға мүмкіндігі жоқ (соның ішінде ашылмаған қылмыстар үшін) адамдарды қолдауға бағытталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 46-бабы бойынша көрсетілген 124 құқық бұзушылық үшін төлемдер қарастырылған. Зардап шеккендерге бір реттік қаржылық төлемдер 2020 жылдың шілдесінен бастап түсе бастады. Өтемақы мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін қарастырылған. Биыл өңірдің 30 тұрғынына ақшалай бір реттік өтемақы төленді. Төлемдердің жалпы сомасы 4 424 430 теңгені құрады, – деді Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады