29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу өңірінде адам өліміне әкелетін апаттар жиілеп кетті. Тек қазан айының басынан бері облыс жолдарында 15 адам қаза тауып, 40-тан астамы түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Осыған байланысты облыстық полицейлер дабыл қағып, көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырды.
Қазан айының басынан бері облыс жолдарында 15 адам қаза тауып, 40-тан астам адам түрлі жарақаттар алды. Соңғы дерек Ескелді ауданында тіркелді. «Алматы-Өскемен» тас жолының 288-ші шақырымында «ГАЗель» мен «ВАЗ-21099» көліктері соқтығысты. Көліктің 35 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Жол апатының жиілеп кетуіне байланысты полицейлер күнделікті патрульдік қызметті күшейтті. Тәртіп сашылары көлік жүргізушілерінен жол қауіпсіздігі талаптарын ескеруді, сондай-ақ көлікті басқару кезінде қырағылық танытуды сұрайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек