Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.
Өткен жылдың қыркүйек айында «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды.
Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - делінген мәліметте.
Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаудың және сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар