Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨңірде 47 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, су басу қаупі жоғары тәуекеліне Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары, ал орташа тәуекелге Панфилов, Сарқан аудандары, төменгі тәуекелге Талдықорған, Қаратал, Ақсу аудандары жатады. Ал өңір аумағындағы өзен-көлдердің жағдайы тұрақты.
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне арнайы жоспарлар бекітіліп, 10 елді мекенде қауіп барынша төмендетілді (Абай, Ешкөлмес, Архарлы, Бескөл, Көктума, Қопа, Үштөбе (Қаратал-саяжай), Көктал-Арасан, Қаратал, Мұсабек). 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында, өткен жылы 17 шақырым су бұру арналарын орнату және тазарту, 400 метр қорғаныс бөгендерін орнату және жөндеу, 4,7 шақырым өзендер мен каналдар арналарын механикалық тазарту, 10,6 шақырым өзен арналарын түбін тереңдету, түзету және жағалауларын нығайту жұмыстары істелді, - деді Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент мамандары 43 елді мекенде су басу қаупі азайтылды, қалған 4 елді мекенде жұмыс жалғасып жатыр деп есеп берді. Жалпы, облыс бойынша қар жамылғысының қалыңдығы 4-72 сантиметр. Биыл Алакөл ауданындағы Лепсинск және Кербұлақтағы Қоғалы ауылына қар мол жауған. Ал жер тоң болып қатқан.
Алакөлдегі Ақжар ауылында топырақтың беткі қабаты 1 метр тереңдікке дейін қатып жатыр. Ақпан айының ауа райы болжамына сәйкес, екінші онкүндікте ауа температурасы күндіз +15 градусқа дейін, түнде + 5 градусқа дейін жағарылауы мүмкін. Мамандар күннің күрт жылынуына байланысты ақпан айының соңы мен сәуір айының басын қауіпті кезеңге жатқызып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді