Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТалдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Жапонияның, Швецияның және Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдік ғалымдар бір ай бойы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану», «Қаржы және есеп» білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер, әрі практикалық сабақтар өткізеді. Философия докторы, Лунд университетінің (Швеция) қауымдастырылған профессоры Rustamjon Urinboyev екі жылдан бері Жетісу университетімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасауда.
Философия докторы, профессор Тимур Дадабаев (Цукуба университеті, Жапония) және философия докторы, қауымдастырылған профессор Kobil Ruziyev (Батыс Англия университеті) университеттің оқытушыларына халықаралық деректер базасына кіретін басылымдарға ғылыми мақалаларды жазу әдіснамасы, импакт-факторы бар журналдарға мақалаларды жариялау үшін оларды таңдау әдіснамасы бойынша семинар өткізді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді