29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2023 жылғы 24 қазан күні сағат 08:00-да ТЖД құтқарушыларына Талдықорған қаласының Алмалы саяжай қоғамының ауданында екі жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына Жетісу облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты.
Кейінірек белгілі болғандай, 2009-2010 жылы туған Ащыбұлақ саяжай қоғамында тұратын жасөспірімдер 22 қазан күні кешке үйден шығып, қайтып оралмаған.
24 қазан күні сағат 10:23-те ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлері Ащыбұлақ су қоймасы маңында, шаруа қожалығының аумағында табылды. Балалардың телефон қуаты таусылып, фермердің үйінде түнеуге шешім қабылдаған.
Құтқарылғандардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Жетісу облыстық ТЖД балалардың бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажеттілігін ата-аналардың есіне салады. Балаңыздың қайда бара жатқанын және болжамды қайту уақытын білу қажет.
Балалардың өмірінің қауіпсіздігі көптеген жағдайларда Сізге байланысты. Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы бірыңғай «112» немесе «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек