Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетілетін болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 25 мыңдай балаға жалпы білім беру қорынан жәрдем жасалса, 16 650 балаға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қолдау көрсетілмек.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 25 мыңдай балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға 1,1 млрд. теңге бөлініп отыр. Бүгінгі күні аталған қаражат ата-аналардың жеке есеп шоттарына толығымен аударылған көрінеді.
Сол сияқты облыста республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында тамыз айының алғашқы жартысында 8400-ден астам балаға көмек көрсетілді, мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары берілген. Жалпы 16 650 бала көмекпен қамтылады деп жоспарланған. Қайырымдылық көмек шарасына кәсіпкерлер, этно-мәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар белсене атсалысқаны мәлім болды. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Биыл Жетісу облысы жаңа оқу жылын 130 мыңнан астам оқушымен бастаса, соның 13 мыңға жуығы бірінші сынып оқушыларын құрайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары