23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісу облысының Кербұлақ және Сарқан аудандарында әкімдерді пилоттық режимде сайлау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, аудан әкімдерінің сайлауында барлығы 94 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Соның ішінде Кербұлақ ауданында 60, Сарқан ауданында 34 орында дауыс беру науқаны өтіп жатыр. Екі аудандық аумақтық комиссиялардың 21 мүшесі, учаскелік сайлау комиссияларының 538 мүшесі сайлауға жұмылдырылған.
Аталған екі ауданның сайлаушылар саны 54 634 адамды құрайды. Оның ішінде Кербұлақта 27 787 адам болса, Сарқанда бұл көрсеткіш 26 847 адам шамасында.
Аудан әкімдерін сайлау елімізде алғаш рет өтіп отыр. ОСК мәліметтеріне қарағанда, бүгін сайлау еліміздің 3 қаласы мен 42 ауданында басталған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады