20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек14 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығынан «Үшарал-Достық» автожолында Достық бекеті жағынан 8-ге жуық жүк және 5 жеңіл автокөлік, Ақши ауылы жағынан 2 жүк және 2 жеңіл автокөлік тұрып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде Жетісу облысы ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды, көлікте толғатып отырған 1989 жылы туған жүкті әйел болған. Эвакуациядан кейін автокөлік Үшарал қаласының перзентханасына жол тартты.
Қазіргі уақытта қар құрсауынан 43 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Авариялық- құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райына қатысты мәліметтерді оқып отыруға кеңес береді. Дауылды ескерту туралы хабарламаларға құлақ асып, қажетті сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет. Алыс жолға шықпас бұрын, Қазавтожолдың ресми сайтындағы автожолдардың жабылуы туралы ақпаратпен танысуды ескертеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?