29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу облысындағы тас жолда көлік аударылып кетті. Салдарынан бір адам ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жетісу облысының Алакөл ауданында Мазда-626 көлігінің қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды. Шетелдік көлікті 22 жастағы әскери қызметкер басқарған, ол Алматы – Өскемен тас жолының 550-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.
Жүргізуші мен оның 22 жастағы жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Біраз уақыттан кейін жарақат алғандардың бірі дәрігерлердің бар күш-жігер салғанына қарамастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Облыс полицейлері көлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек