19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Көлік министрі Жетісу облысына сапары барысында «Достық» шекаралық станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ ведомство басшысы Алакөл ауданындағы Көктұма темір жол станциясына соғып, шойын жолдың құрылыс жұмыстарын қадағалады.
«Достық» республиканың маңызды көлік инфрақұрылымдық нысаны – мемлекеттік шекара арқылы өтетін поездарды қабылдау және жөнелтіп, вагондарды 1520 мм жолдан 1435 мм жолға ауыстырады.
Бұдан бөлек ҚХР елінен Қазақстанға келген вагондардан жүктер мен контейнерлерді тиейді.
Поездарды қабылдау және жөнелту, сондай-ақ ҚХР мемлекетіне жүктерді жіберу үшін кедендік ресімдеу операциялардың толық кешенін орындайды. Шекаралық стансаның қуаттылығы 18 жұп пойызды өткізе алады.
Айта кетерлігі, шекара өткелі арқылы жүк тасымалы жылдан жылға артып келеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары