Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖетісу облысына қарасты Көксу ауданынан қару-жарақ қоймасы табылды, деп хабарлайды El.kz Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті зират маңынан екі мылтықты карабин және 300-ден астам түрлі калибрлі патрондар, оқтан қорғайтын арнайы қорғаныс құралдары табылған.
Арнайы деректер базасын тексеру кезінде табылған карабиндер мен оқ-дәрілердің Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы мылтық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды. Дерек бойынша ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігіне (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Тәркіленген қару-жарақ сараптамаға жіберіледі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар