Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖетісу облысында жүргізуші екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Жаяу жүргіншілердің бірі көз жұмды, деп хабарлайды El.kz
Жаркент полицейлері адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасынан қашып кеткен 31 жастағы Toyota Camry 10 жүргізушісін анықтап, ұстады. Бұған дейін бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған азамат қазір полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 10 қараша күні Жаркент қаласындағы Әлиев көшесінде белгісіз көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Өкінішке қарай жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізуші қашып кеткен.
– Қатты соққыдан оқиға орнында автокөліктің мемлекеттік нөмірі (МТНБ) түсіп қалды. Сол арқылы оқиға орнынан қашқан жүргізушіні анықтау мүмкін болды. Жаяу жүргіншілерді көршілес Алматы облысының 31 жастағы тұрғыны қағып кеткендігі анықталды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды, – деді Панфилов ауданының полиция бөлімі.
Жол апатынан аман қалған 34 жастағы ер адам дәрігерлердің бақылауында. Тергеу қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ауа райына байланысты Қарағанды облысында бір тәулікте 50 жол апаты тіркелді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары