29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОқиға Жетісу облысының Көксу ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ауди-100 ГАЗ САЗ жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында 4 бала бар.
Жол-көлік апаты 14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының жанындағы Балпық-би - Мәмбет тас жолында болды. Оқиға орнынан ауруханаға жол апатына 9 қатысушы жеткізілді, олардың екеуі (екі көліктің жүргізушілері) медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Қалған 7-і дәрігерлердің бақылауында. Олардың ішінде 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала бар, - делінген мәліметте.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру баасталды. Екі көлік те арнайы автотұраққа орналастырылған.
Өңір полициясы автокөлік құралдарының жүргізушілерін ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға тағы да шақырады.
Сіздердің әрқайсысыңыз автокөлікті басқара отырып, өз өміріңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жауап береді, - делінген Полиция департаменті таратқан мәліметте.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек