29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу облысының полиция қызметкерлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуінің орналасқан жерін анықтады.
Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматы қаласында табылды. Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне оны іздестіруге жәрдемдесіп, өз үйіне аман-есен оралғаны үшін алғысын білдірді.
Хабар-ошарсыз кеткен тағы екі жасөспірім – Ақерке Жолдасова мен Әмір Тергеуовке қатысты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Кәмелетке толмағандарды іздестіруді облыстық полиция департаменті мен Қаратал аудандық полициясының жедел қызметкерлері жалғастырып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек