10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі аптадан бері жүргізілді. 15 жастағы Ақерке Жолдасова мен 16 жастағы Әмір Тергеуов Үштөбе қаласынан хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз Қаратал ауданының полицейлеріне 6 қыркүйекте жазылды.
Кәмелетке толмағандарды жаппай іздеу жұмыстарын олардың туыстары, полиция қызметкерлері жүргізді, сондай-ақ мектептің педагогикалық ұжымы мен еріктілер қосылды.
19 қыркүйекте із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысы да Шымкент қаласында екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де аман-есен, дендері сау, – деді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді