22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖетісу облысында жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, облыс әкімдігімен бірлесіп ашылған мекеме ғимараты Көксу ауданы Балпық би ауылы, Балпық би көшесі, 10в мекенжайында орналасқан.
Айта кетейік, бұған дейін азаматтарды Измайылов көшесі, 10 мекенжайы бойынша қабылдаған болатын. Жаңа екі қабатты орталықтың ауданы 1 200 шаршы метрді құрайды, бұл алдыңғы орталықтан үш есе көп. Бірінші қабатта ХҚКО орналасқан, екінші қабатта АХАТ, әлеуметтік қамсыздандыру және жер кадастры қызметтері көрсетіледі.
Жаңа ХҚКО бірнеше секторға бөлінген. E-otinish орталығында мемлекеттік органға электрондық өтініш беруге, беру аймағында – дайын құжатты алуға, ал жайлылық аймағында қызмет алушылар оператордың көмегінсіз Электрондық үкімет порталы, "Мобильдік ХҚКО" қосымшасы және eGov mobile арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа ХҚКО-да мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пандус, лифт және жеке терезе көзделген. Сонымен қатар, ана мен бала бөлмесі де бар. Айта кетейік, жаңа ХҚКО-ға күніне 200-ге жуық ауыл тұрғыны келеді деп болжануда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Жетісу облысында 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс азаматтарына 270 мыңға жуық қызмет көрсетілген.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев