Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қайғылы оқиға кезінде бақилық болған үш жолаушының барлығы әйел адамдар болған. Оқыс жағдай «Алматы-Өскемен» тасжолының Көксу ауданы аумағында тіркелген.
Белгілі болған дерек бойынша «Тойота Камри» мен «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктері соғылған. Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, соңы апатты жағдайға әкелгенін мәлімдеді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көлік салонындағы үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған ПД-нің ақпаратында.
Осы орайда полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді