Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісу облысының Ақсу ауданында 72,5 миллионнан астам теңге тұратын газ құбырлары ұрланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы-Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 газ құбырын ұрлап кеткен.
Магистральдық газ құбырының құрылысы «Талдықорған-Үшарал» тас жолында жүргізілуде, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
Полицейлердің жедел іс-қимылдарының арқасында үшл күдікті құрықталды. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады