23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді2023 жылғы 17 қараша күні сағат 15:56-да Талдықорған қаласының Өтенай ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу оқиға орнына шықты. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін жұмыс уақытынан тыс кезінде, көрші үйде қонақта болған әскери полиция қызметкері кіші сержант Қанашев Ерлік Ерікұлы үйдің терезесінен қалың түтінді байқап, бірден сол жаққа бет алған. Жағдайды қысқа бағалағаннан кейін Е. Қанашев түтінге оранған үйге кіріп, 84 жастағы әйелді құтқарды. Әйелді құтқарғаннан кейін Е. Қанашев үйдің ішінен газ баллонын шығару үшін қайта оралып, осылайша жарылыстың алдын алды.
Сағат 16: 11-де ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 5 шаршы метр болған өртті толығымен сөндірді. Өрттің алдын ала себебі пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болды.
Осы өртте Е. Қанашев өз өміріне төнген қауіп-қатерге қарамастан, азаматтық сана мен батырлық көрсетіп, үй иесін құтқарды.
Жетісу облыстық ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады