7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жетісу облысындағы "Алматы-Өскемен" тас жолында жол ұйымы қызметкері қаза тапты. Қызметкерді жол белгілерін салып жатқан кезде көлік қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД мәліметінше, "Алматы-Өскемен" тас жолының 410 шақырымында "Toyota Camry" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан. Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды, - делінген Жетісу облыстық ПД хабарламасында.
Полиция көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылған.
Көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады, - деп ескертті облыстық ПД өкілдері.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?